Білім • 03 Шілде, 2024

Елімізде ауылдық және қандас квотасы бойынша грант қалай бөлінеді?

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық тестілеу орталығы Қазақстанда ауылдық және қандас квотасы бойынша грантқа қалай түсуге болатынын мәлімдеді,  деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде ауылдық және қандас квотасы бойынша грант қалай бөлінеді?

Фото:rally36.ru

Ұлттық тестілеу орталығы ауыл квотасы 35 %-ды құрайтынын атап өтті. Яғни белгілі бір мамандыққа бөлінген гранттардың жалпы санының 35 %-ы ауылдық квота бойынша бөлінеді. Мәселен, 2024 жылы «Педагогика ғылымдары» бағытына 13 735 грант бөлінсе, 4 807 грантты ауыл мектептерінің түлектері алады.

«Ауыл квотасы ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша беріледі. Мысалы, педагогикалық, IT, ауыл шаруашылық, ветеринария, медициналық және т.б.», делінген хабарламада.

Сонымен қатар орталық ауыл квотасы үшін анықтама алудың қажеті жоқ екенін мәлімдеді. Ауылдық жерде орналасқан мектепті бітірген түлектердің ақпараты базада болатынын еске салды.

Сондай-ақ Қазақстанның азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға арналған квота түрі бар. Қандас квотасы 4%-ды құрайтынын атап өтті. Яғни жалпы бөлінген гранттың 4%-ы қандастарға беріледі. Мысалы, 2024 жылы «Педагогикалық ғылымдар» бағыты бойынша 13 735 грант бөлінген, оның ішінде 549 грант немесе 4%-ы қандастарға арналған.

«Бұл квота бойынша грант конкурсына қатысу үшін қандастар ұлты (қазақ) көрсетілген шетел төлқұжатын ұсынады. Атап өтсек, қандастар үшін грант конкурсына қатысуға ҰБТ-ның шекті балдары бекітілмеген», деп қосты ҰТО.