Үкімет • 03 Шілде, 2024

Таразда Ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті ашылады

69 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Вице-премьер Қанат Бозымбаев Тараз өңірлік университеті базасында Жамбыл облысындағы гидромелиоративтік-құрылыс институтын қалпына келтіру мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Таразда Ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті ашылады

Фото: primeminister.kz

Оған Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Су ресурстары және ирригация, Ұлттық экономика, Әділет вице-министрлері, сондай-ақ Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен Жамбыл облысы әкімдігінің басшылығы қатысты.

Жаңа университеттің тиісті материалдық-техникалық базасын құру, қаржыландыру және кадрлармен қамтамасыз ету туралы есепті тыңдаған вице-премьер Қанат Бозымбаев еліміздің базалық жоғары оқу орындарының бірін қалпына келтіруді Мемлекет басшысы тапсырғанын еске салды. Университетке Ұлттық мәртебе берілмек, ол тек су ресурстары мәселелеріне мамандандырылады. Оқытушылар құрамына шетелдік ғалымдар да енеді. Еуропа, Қытай, Ресей, АҚШ университеттерімен жаңа ЖОО-мен серіктестік туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр. Талапкерлерді тарту үшін білім беру гранттары көзделеді.

Вице-премьер қажетті ведомствоаралық рәсімдерді жеделдетуді тапсырды, университет қыркүйек айында ашылуы тиіс.