Ауа райы • 03 Шілде, 2024

Еліміздің 12 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

54 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Еліміздің 12 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Еліміздің 12 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстінде найзағай, күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында батыстан жел соғады 15-20, Алакөл көлдері ауданында екпіні 23-28 м/с.

Абай облысының шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз найзағай, облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде,оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының солтүстігінде қатты жаңбыр, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде күндіз 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с.

Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыста 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың батысында, шығысында жоғарғы өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай күтіледі. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.