Спорт • 02 Шілде, 2024

«Азия балалары»: Отандасымыз ағаш тартудан жүлдегер атанды

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейде өтіп жатқан VIII жазғы «Азия балалары» ойындарында отандасымыз Мирас Мұратбеков мас-рестлингтен қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Азия балалары»: Отандасымыз ағаш тартудан жүлдегер атанды

Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, отандасымыз 70 кг салмақ бойынша жүлде үшін кездесуде ресейлік Ренат Николаевтан (Қиыр шығыс федералды округы) ағашты тартып алды.

Аталған жарыста ел намысын 4 мас-рестлинг шебері қорғады, жалпы 12 елден 44 спортшы жиналған екен.

Айта кетсек, мас-рестлинг – якут халқының ұлттық спорты. Қазақтың «арқан тартыс» ойынына өте ұқсайды, айырмашылығы - спортшылар арқанның орнына ағаштан ұстап отырып, тартысады.

Соңғы жаңалықтар

Алакөлге шаршамай жетесіз

Аймақтар • Бүгін, 08:55

Қанасқа қатынау жеңілдейді

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Өндіріс қалдығы азаяр емес

Экология • Бүгін, 08:40

Желмен жүретін пойыз

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:35