Елорда • 02 Шілде, 2024

ШЫҰ саммиті: Астанада қандай көшелерде көлік қозғалысы шектеледі?

93 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қалалық полиция департаменті ШЫҰ саммитіне байланысты жолдардың бірнеше учаскесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу қою жоспарланғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz Астана қаласы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

ШЫҰ саммиті: Астанада қандай көшелерде көлік қозғалысы шектеледі?

Фото: Ашық дереккөз

  • 3 шілде сағат 18.00 - ден 22.00 - ге дейін - Бөкейхан көшесі бойынша Керей-Жәнібек хандар көшесінен Сығанақ көшесіндегі көпірге дейін (М-3);
  • 4 шілде сағат 09.00 – ден 19.00-ге дейін-Нәжімеденов көшесі бойынша Тәуелсіздік даңғылынан Аманжолов көшесіне дейін, одан әрі Аманжолов көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін және Байтұрсынов көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін;

Қалған уақытта қозғалысты шектеу ШЫҰ саммитіне қатысушылардың сүйемелдеуімен жүзеге асырылатын болады.

Қала әкімдігі тұрғындардан күшейтілген қауіпсіздік режиміне түсіністікпен қарауды сұрайды.

Бұған дейін хабарланғандай, елордада, сондай-ақ Алматыда, Қарағандыда және Көкшетауда ШЫҰ саммитін өткізу кезеңінде 2-4 шілде аралығында террористік қауіптіліктің «сары» деңгейі енгізілді.

Еске сала кетейік, 2-4 шілде аралығында Астанадағы бірқатар орталық көше бойында көлікті тұраққа қоюға тыйым салынады.

Айта кетерлігі, Астанада 2 шілде мен 4 шілде аралығында мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің 70%-ға дейінгісі қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылады.