Саясат • 02 Шілде, 2024

Достық көпірінің іргесін бекемдеу жалғасады

110 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

ҚХР төрағасы Си Цзинь­пинь­нің Қазақстанға мем­лекеттік сапары қар­саңында Қытайдың Ме­диа­корпорациясы өзі шы­ғарған ең озық бағдар­ла­ма­­ларын Қазақстанның «Silk Way» және «Атамекен Бизнес» те­леар­наларында көрсетіп жатыр.

Достық көпірінің іргесін бекемдеу жалғасады

Көр­сетілімдерге Қытай Ме­диакорпорациясының 10-нан астам бағдарламасы мен деректі фильмі іріктеп алынған. Жобаның мақсаты – Қазақстан көрермендерін Қытайдың қазіргі даму барысымен таныстыру, екі ел халықтары арасындағы өзара түсіністік пен достықты бекемдей түсу, өзара тиімді ынтымақтастықтың кемел келешегін паш ету.

Жобаны ұйымдастырушы «Қазақстан Республикасы Пре­зи­дентінің телерадиокешені» КЕАҚ бас директоры Раушан Қажыбаева аталған іс-шараға қатысты түсінік бере келіп, қытайдың «Нағыз дос – өмірлік байлығың» деген мақалын мысалға келтірді. Ол Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені мен Қытай Медиакорпорациясының ын­ты­мақтастығы екі ел арасын­дағы достықтың нығаюына оң ық­пал ететініне, ал Қытай Ме­диа­корпорациясының бағ­дарла­малары Қазақстан кө­рер­­мендеріне жақсы пікір қалыптастыратынына сенім білдірді.

Жоба Қазақстан қоғамы­ның түрлі топтары тарапынан жоғары баға алды. Журна­лист Гүлжан Раманқұлова кейінгі жылдары екі ел түрлі са­­лада тығыз байланыс ор­натқанын, ал Қытай Ме­диа­корпорациясының бағ­дарламаларын көрсету ҚХР мен Қазақстан халық­та­ры арасындағы өзара түсініс­тікті күшейтіп, оларды жақын­дастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Астана тұрғыны Саида Сегізбаева Қытайдың «Бір белдеу – бір жол» бастамасына арналған деректі фильмнен алған әсерімен бөлісті. Оның пікірінше, бұл – жүректерге ізгілік нұрын себетін шын мә­ніндегі аса ауқымды бастама, ал фильм жобаның барлық бағытта – экономикалық, сая­си, әлеуметтік бағытта қан­шалықты табысты жүзеге асырылып жатқанынан хабар береді әрі халықтары­мыз бен­ мәдениеттерімізді жақындастыра түседі. Сон­дай-ақ көрермендер теле­бағдарламаларды бір жағынан Қытайдың өзіне көзқарасы, екінші жағынан оларды көре­тіндермен үнқатысу сияқты қарастыруға болатынын атап өтті. Сондықтан олар Қытай мен Қазақстан халықтарының бір-бірін жақсырақ білуіне жәрдемдесетін екі жаққа да қарап ашылған өзіндік бір терезе болып табылады.

Көрсетілімдер 30 маусымда басталып, 6 шілдеге дейін созылады. Осы уақыт аралығында Қазақстан БАҚ-тары өздерінің көрермендеріне Қытай Ме­диакорпорациясының бірқатар телебағдарламасы мен де­ректі фильмін ұсынады. Олардың арасында «Си Цзинь­пинь­мен кездесулер», «Жібек жолы­ның симфониясы», «Дуньхуан­ға деген махаббат», «Тянь-Шань тауларының арғы бетін­де», «Ғажайып саяхат» секіл­ді қытай мәдениетінің жар­қын бояуына суарылып, қашан­да жалпыадамзаттық құнды­лық­тар рухы менмұн­далап тұратын туындылар бар. Қытай Медиакорпорациясы атал­ған іс-шараның нәтиже­сін­де Қазақстан БАҚ-тарын­дағы әріптестерімен прагматика­л­ық ынтымықтастығы бұрынғы­дан да кеңейеді, сондай-ақ Қытай-Қазақстан байланыстары­­­ның жаңа «алтын отыз жыл­­ды­ғын» құру жолындағы бірлес­кен күш-жігері әрі қарай да жалғасады деп үміттенеді.