Қоғам • 01 Шілде, 2024

Алименттен жалтарғандардың берешегі қанша?

82 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли 2024 жылғы 1 шілдеде өткен брифингте ел азаматтарының балаларына алимент бойынша қанша қарыз екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алименттен жалтарғандардың берешегі қанша?

Фото: adyrna.kz

Талғат Уәли бүгінде еліміз бойынша сот орындаушыларының орындауында алимент өндіріп алу туралы 291 мың атқарушылық іс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Оның ішінде 281 мың борышкер - ерлер, 11 мыңнан астамы – әйелдер екені белгілі болды.

«2024 жылдың басында проблемалық алимент төлемдерінің саны 20,7 млрд теңгені құрайтын 16 197 өндірісті құраса, қазіргі уақытта проблемалық алимент төлемдері 21%-ға (сома 35%-ға дейін) азайды, яғни 13 млрд теңгеге - 12 883 өндіріске дейін төмендедіОрташа алғанда, алимент өндірісінің 95%-дан астамы сот орындаушыларының талаптарын еш қиындықсыз орындайтын жұмыс берушілердің бухгалтерлік қызметтері арқылы өндіріледі», деп түсіндірді ведомство өкілі.

Сондай-ақ сот орындаушылары 7 мыңнан астам борышкердің республикадан тыс жерге шығуына уақытша шектеу қойды.

Бұл ретте Талғат Уәли борышкерлер алименттік міндеттемелерді тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салды.

«Жыл басынан бері Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша 1875 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның 115-і сотқа жолданды, 55 борышкер сотталды», деп түйіндеді Талғат Уәли.