Аймақтар • 30 Маусым, 2024

Жетісу облысында жоғалып кеткен бала табылды

74 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ТЖМ құтқарушылары Жетісу облысында жоғалып кеткен баланы тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жетісу облысында жоғалып кеткен бала табылды

Құтқарушылар Алакөл көлінің жағалауын патрульдеу кезінде 2017 жылы туған қыз баланы тапты.

Қыз бала ересектердің қарауынсыз қалып, адасып кеткен. Құтқарушылар баланы анасына тапсырды. Ол медициналық көмекке мұқтаж болмады.

ТЖМ ересектерден балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.