Сенат • 28 Маусым, 2024

Нұртөре Жүсіп Иордания Елшісімен кездесті

65 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп Иорданияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хамза Махмуд Юсеф әл-Омаримен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұртөре Жүсіп Иордания Елшісімен кездесті

Фото: А.Байжұманов

Нұртөре Жүсіп Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде жүзеге асып жатқан ауқымды саяси жаңғырту бағдарламасы туралы айтып берді.

«2022 жылы тарихи конституциялық референдум өтіп, негізгі билік институттары жүйелі түрде қайта жаңғыртылды. Реформалардың нәтижесінде Сенат өңірлердің мүдделерін қорғайтын Палата ретінде қалыптасты. Қазіргі таңда Парламент жұмысындағы негізгі басымдық – Президентіміздің бастамасымен жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету. Парламент соған сәйкес бірқатар маңызды конституциялық заңдар қабылдады», деді Нұртөре Жүсіп.

Тараптар парламентаралық, сауда-экономикалық және мәдени ынтымақтастықты дамытудың келешегін де талқылады.

Хамза Махмуд Юсеф Әл-Омари өз кезегінде Қазақстанда жүргізіліп жатқан қоғамдық-саяси өзгерістерді жоғары бағалады және Қазақстан мен Иордания арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.