Елорда • 28 Маусым, 2024

Астанада тағы бір жол учаскесі жабылады

57 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мәңгілік Ел даңғылы бойынша Хусейн бен Талал көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде жол төсеміне жөндеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада тағы бір жол учаскесі жабылады

Фото: gov.kz

Осыған байланысты 28-30 маусым күндері жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады.

«Астана тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлау сұралады», делінген хабарламада.

ш