Әлем • 27 Маусым, 2024

Көпбалалы әке 11 жасар өгей қызын зорлаған

403 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстанда бес баланың әкесі тоқалының 11 жасар қызын зорлаған, деп хабарлайды Egemen.kz UzNews.kz сайтына сілтеме жасап.

Көпбалалы әке 11 жасар өгей қызын зорлаған

Фото:/fakty.com.ua

Анықталғандай, ер адам ресми түрде үйленген, 5 баласы бар. Алайда екінші әйелмен мешітте «неке қию» рәсімін жасаған.

Көпбалалы әке 11 жасар өгей қызына жүйелі түрде зорлық-зомбылық көрсетті деген күдікпен ұсталды. Аталған жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды.