Президент • 26 Маусым, 2024

Мемлекет басшысы Қатар Мемлекетінің елшісін қабылдады

147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қатар Мемлекетінің елшісі Абдалла бен Хусейн Джаберді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы  Қатар Мемлекетінің елшісін қабылдады

Фото: Ақорда

Кездесу барысында Президент Қатарды Қазақстанның ортақ мақсаттар мен мұраттар біріктіретін ең жақын серіктестерінің бірі ретінде атады.

1

Мемлекет басшысы соңғы жылдары Қазақстан мен Қатар екіжақты және көпжақты күн тәртібінің барлық бағыты бойынша елеулі табысқа қол жеткізгеніне назар аударды. Бұған қоса, екі ел берік құқықтық база қалыптастырды және бірқатар ірі инвестициялық жобаны жүзеге асырды.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтетін ШЫҰ саммитін қолдап, құрметті қонақ ретінде қатысуға ниет танытқаны үшін Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ Қатар елшісі Абдалла бен Хусейн Джабер құрмет көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Доханың екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі қарқынды дамытуға бейілді екенін растады.

Кездесуде екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде сауда-экономика, энергетика және денсаулық сақтау салаларындағы ықпалдастық перспективасы талқыланды.