Қоғам • 26 Маусым, 2024

«Маған туған анам керек»: Жәнібекті асырап алған бельгиялық әйелдің жағдайы нашар

1274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Белгиялық отбасы асырап алған қазақ баласы Жәнібек әлеуметтік желіде мәлімдеме жасады, деп жазады Egemen.kz.

«Маған туған анам керек»: Жәнібекті асырап алған бельгиялық әйелдің жағдайы нашар

Фото: qandastar.kz

«Мен 2023 жылдың соңында Қазақстанға туған анамды іздеп бардым. Соңғы айларда біз анамды табуға көмектесетін көптеген мәліметке қол жеткіздік. Мысалы, «Бармысың, бауырым?» редакциясы ДНҚ зерттеулері арқылы мен туған кезде басқа баламен ауысып кетуім мүмкін екенін анықтады», дейді Жәнібек.

Жәнібек өзін асырап алған анасының хәлі ауыр екенін, тіпті оған өлім қаупі төніп тұрғанын мәлімдеді.

«Менің туған шешем менің оның туған ұлы екенімді білмейтін шығар, менің оқиғамды естімей жүрген шығар... мүмкін оның 2002 жылдың қаңтарында дүниеге келген баласы мен шығармын. Ол қазір менің орныма ауысып кеткен баланы туған ұлым деп ойлап жүруі де мүмкін ғой...

Анашым, сен маған керексің. Мені асырап алған анам қатты ауырып жатыр. Ес білгелі сіз туралы ойламаған сәтім жоқ», деп жазды Жәнібек.