Қоғам • 26 Маусым, 2024

Ел азаматтары жүргізуші куәлігіне емтиханды онлайн тапсыруы мүмкін

81 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Мәжілісте ел азаматтары жүргізуші куәлігіне емтиханды онлайн тапсыру мүмкіндігі қарастырылып жатқанын айтты, деп жазады Egemen.kz.

Ел азаматтары жүргізуші куәлігіне емтиханды онлайн тапсыруы мүмкін

Фото: kolesa.kz

Депутат Екатерина Смышляева жүргізуші куәлігін алу мақсатында тапсыратын емтихан барысында жемқорлық тәуекелдерін азайтып, сонымен бірге осы мақсатта жүздеген шақырым жүріп, орталыққа баратын азаматтардың мәселесін көтерді.

«Кейінгі кезде жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыратын адамдардың саны артып келеді. Өйткені көлік құралдарының жаңа түрлері көбейіп, жаңа ережелер енгізіліп жатыр. Осы қатарда мопед жүргізушілеріне арналған қағидалар да бар. Бұл процедураны барынша орталықтандыру емтихан тапсыру нүктелерінің алуан түрлілігі болған кезде өркендеген сыбайлас жемқорлықты жеңу үшін жасалғаны түсінікті. Алайда, бұл жерде біз басқа салдарларға тап болдық, оның ішінде: кезек күту, емтихан тапсыру үшін аумақтық бөлімшелердің болмауы, жиі қолданылатын жабдықтың техникалық ақауы, т.б. Біздің облыста адамдар теориялық және практикалық құқықтар емтиханын тапсыру үшін жүздеген шақырым жол жүруге мәжбүр», деді депутат.

Өз кезегінде Цифрлық даму министрі азаматтарға жүргізуші куәлігіне емтиханды онлайн тапсыруға мүмкіндік беру мүмкіндігі қарастырылып жатқанын тілге тиек етті.

«Жүйелі шараларға келетін болсақ, бүгінде біз онлайн-емтихандағы бақылау рәсімдерін қолдана отырып, онлайн-тестілеуді енгізу мүмкіндігін қарастырамыз. Мұндай механизмдер дамыған АҚШ, Ұлыбритания, Австралияда қолданылады. Бұл теориялық бөлімге қатысты. Практикалық бөлімге келетін болсақ, IT-компаниялармен бүгін біз емтихан тапсыруды тіркейтін тиісті компьютерлік көру алгоритмдерін (Computer vision) енгізу нұсқаларын қарастырамыз. Яғни, бұл жабдыққа, сенсорларға шығындарды азайтуға көмектеседі.  Мұндай шараларды қарастырамыз», деді Жаслан Мәдиев.