Қоғам • 25 Маусым, 2024

Су тасқынынан зардап шеккен 3414 отбасы жаңа үйге кірді

107 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тасқыннан зардап шеккендерді баспанамен қамту туралы Үкімет отырысында вице-премьер Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Су тасқынынан зардап шеккен 3414 отбасы жаңа үйге кірді

Фото: СҚО әкімдігі

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, су тасқынынан зардап шеккендердің жалғыз баспанасы саналатын 12 086 тұрғын үй мен 7 380 саяжай құрылысы су астында қалған. Зардап шеккен өңірлерде 18 228 тұрғын үй тексеріліп, 15 651 объект бойынша бағалау аяқталды.

Бағалау қорытындысы бойынша 9 306 үй жөндеуге жатқызылса, 8 190 үй қалпына келтірілмейтіні анықталған, олар бойынша қайталама нарықта 5 714 үй мен пәтер сатып алу, сондай-ақ үлгілік жоба бойынша 2 576 үй салу жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта тұрғын үйді жөндеуге және қалпына келтіруге 40 млрд теңгеге өтемақы 6 176 отбасына берілді. 3 414 отбасы қираған баспанасының орнына жаңа үй мен пәтер алған. 

Батыс Қазақстан, Қостанай, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында зардап шеккендерге арналған 2,5 мың жаңа үйдің құрылысы басталды.