Қазақстан • 24 Маусым, 2024

Қазақстанда жоспарланған аумақтың 66 пайызы шегірткеге қарсы өңделді

81 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе және Қостанай облыстарында мониторинг нәтижесі бойынша алқаптарда шегірткеге қарсы қосымша өңдеу жүргізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда жоспарланған аумақтың 66 пайызы шегірткеге қарсы өңделді

Фото: АШМ

Ақтөбе облысының шегіртке ұшып өтуі тіркелген Алға ауданында жоспарланған 41 570 гектардың 39 570 гектары өңделді. Есебі экономикалық зияндылық шегінен жоғары жаңа үйірі табылған жағдайда жедел өңдеу жүргізіледі.

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Республикалық жедел штаб отырысында шегірткелерге қарсы күрес бойынша жағдай талқыланды.

Шекаралас аумақтардағы жағдайға ерекше назар аударылды. Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында Ресей Федерациясы шекарасы бойында 104 км алаңда химиялық өңдеу жүргізілді, барлығы 219 км шекара аймағының 195 шақырымын өңдеу жоспарланған. Ресей тарапының деректері бойынша Орынбор облысында 22 мың га, Қазақстан шекарасы бойында 10 км өңделген.

Жедел штаб отырысының қорытындысы бойынша вице-премьер шөптің қалың өскен жерлері көп Павлодар, Қарағанды және Абай облыстары әкімдіктеріне шегірткелердің таралуына бақылауды күшейтуді тапсырды.

лл