Экономика • 24 Маусым, 2024

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы төмендеді

50 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жиында әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасына қатысты мәселелер талқыланды, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы төмендеді

Фото: gov.kz

Үкімет мәліметінше, төртінші апта қатарынан елде 10 тауар бағасы төмендеп жатыр: қарақұмық жармасы – 0,9%, күнбағыс майы – 0,5%, қырыққабат – 0,4%, сиыр еті, тұз және қант – 0,3%, күріш – 0,2%, макарон, сүзбе және ұн – 0,1%. Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова баға 8 облыста төмендеп, оның ішінде Ұлытау (0,8%), Ақтөбе (0,6%) және Атырау (0,5%) облыстарында айтарлықтай арзандағанын айтты. Жалпы, бір апта ішінде әлеуметтік азық-түлік бағасының орташа индексінің төмендеуі – 0,1%. 

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков өңірлерде ерте өнім жинау келісімшартының барысын ортаға салды. Үш мегаполис – Астана, Алматы, Шымкент – маусымаралық кезеңде көкөністерді тұрақты бағамен жеткізу үшін елдің жеті өңірінен ауыл шаруашылығы өндірушілерімен тікелей келісімшарттар жасай бастады.

«Астана қазірдің өзінде 15 мың тонна көкөніске: картоп, пияз, қырыққабат, сәбізге форвардтық келісімшарттар жасасты. Шымкент – 7,5 мың тоннаға, Алматы – 16 мың тоннаға. Жеткізу маусым-шілде, қыркүйек-сәуір аралығына жоспарланған. Сондай-ақ күзгі өнімді жеткізуге қосымша форвардтық шарттар жасалады», деді Ербол Тасжүреков.

Сондай-ақ Ербол Тасжүреков өңірлерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларында белгіленген қаржыландыру мерзімі мен шарттарын, оның ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарын қаржыландырудың 70% бағыты бойынша талаптарды сақтау қажет екенін атап өтті.

рр