Спорт • 24 Маусым, 2024

Әмір Зәкіров Олимпиадаға тарихи жолдама жеңіп алды

116 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Будапештте брейкингтен лицензиялық турнир мәресіне жетті. Бұл спорт түрінен Олимпиада бағдарламасына алғаш енген отандасымыз Әмір Зәкіров тарихи жолдамаға қол жеткізді, деп жазады Egemen.kz Ұлттық Олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Әмір Зәкіров Олимпиадаға тарихи жолдама жеңіп алды

Фото: olympic.kz

Қорытынды кезеңге жеткен Әмір Зәкіров финалда Нидерланд өкіліне есе жіберді. Алайда екінші көрсеткіш те Париж Олимпиадасында бақ сынауға мүмкіндік береді. Ол екі турдың қорытындысында 71 ұпай жинады. 

Осы сында үштікті Оңтүстік Корея спортшысы түйіндеді. 

Осылайша, Әмір Зәкіров төртжылдықтың басты бәсекесінде брейкингтен ел намысын қорғайтын алғашқы спортшы атанып отыр.