Елорда • 24 Маусым, 2024

Астанада екі көше қиылысы уақытша жабылды

47 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Сарыарқа-Ә.Жангелдин көшелері қиылысында жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмыстарын жүргізіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада екі көше қиылысы уақытша жабылды

Фото: Астана қаласы әкімдігі

Қала әкімдігінің хабарламасы бойынша, 24 маусым күні сағат 07:00-ден бастап 25 маусым сағат 07:00-ге дейін аталған қиылыс толығымен жабылады. 

Тұрғындар мен қонақтардан қала жолдарында кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрап отыр.