Үкімет • 21 Маусым, 2024

Үш жаңа жылу электр орталығын салуға зейнетақы қорындағы қаржы жұмсалмайды - Р.Скляр

93 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр жаңадан салынатын жылу электр орталықтарының құрылысы туралы айтты, деп жазады Egemen.kz.

Үш жаңа жылу электр орталығын салуға зейнетақы қорындағы қаржы жұмсалмайды - Р.Скляр

Фото: aqmeshit-aptalygy.kz

Қазіргі таңда Қазақстандағы барлық энергия көздерінің белгіленген қуаты - 21 мың МВт, алайда қолда бар қуаты - 16 мыңға жуық. Қуат көзіне қажеттілік шамадан тыс артатын уақытта сырттан 2 мың МВт жуық электр энергиясы сатып алынады. Роман Скляр бұл көрсеткіш көп екенін атап өтті.

«Осыған байланысты жаңа энергия көздерін тезірек салу қажеттілігі туындайды. Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында үш ЖЭО салу және ГРЭС-2 үшінші энергия блогын салу туралы келісімге қол қойылды. Бұл жобалар осы энергетикалық жабдықты өндіруші елдің жеңілдетілген экспорттық қаржыландыру қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қаржысы қарастырылмаған және қарастырылмайды да», деді Премьер-министрдің бірінші орынбасары.