Заң • 21 Маусым, 2024

Киевтегі қазақ журналисіне жасалған қастандыққа байланысты тергеу басталды

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Президент тапсырмасы бойынша Киевте қазақ журналисіне жасалған қастандыққа қатысты тергеу амалдарын бастады, деп жазады Egemen.kz.

Киевтегі қазақ журналисіне жасалған қастандыққа байланысты тергеу басталды

Фото: Aidos Sadykov / X

18 маусым күні «Бәсе» YouTube-арнасының авторы Айдос Садықовқа белгісіз біреу оқ жаудырған еді. 

Қылмыстық іс бойынша тергеу-жедел тобы құрылды. Қылмысты ашуға және күдіктілерді ұстауға бағытталған қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіледі.

«Кеше Қазақстанның Бас прокуроры Украина Бас прокурорының атына осы қылмысты ашуға барынша тәжірибелі қазақстандық тергеушілерді тарта отырып, барлық көмек көрсету туралы ұсыныс жасаған еді. Бас прокуратура қылмыстық істі тергеу барысын ерекше бақылауға алды», делінген Бас прокуратура хабарламасында.