Жемқорлық • 21 Маусым, 2024

Шымкентте дендросаябақ басшылығы бюджет қаржысын жымқырған

58 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласындағы дендросаябақ басшылығы бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин айтты, деп хабарлады Egemen.kz.

Шымкентте дендросаябақ басшылығы бюджет қаржысын жымқырған

Басқарма Асанбай Асқаров атындағы «Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» МКҚК директорына, кадр бөлімінің басшысына, бас бухгалтеріне қатысты 14,7 млн теңге болатын бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады. Тергеу барысында күдіктілер кінәні толық мойындап, келтірілген залалды өтеді, - деп жазды Дәурен Ерғарин Facebook-тегі парақшасына.

Қалалық прокуратура істі сотқа жіберді.