Елорда • 20 Маусым, 2024

Елордада бірнеше автобус бағыты өзгерді

51 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Астанадағы жол жөндеу жұмыстарына байланысты бірқатар автобустың бағыты өзгерді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада бірнеше автобус бағыты өзгерді

Фото: astanatv.kz

«20 маусымға қараған түні нөмірі 10, 27, 37, 49, 51, 53, 60, 201, 302, 303, 308, 309 бағдарларының қозғалыс кестесіне уақытша өзгеріс енгізілді», делінген City Transportation Systems компаниясының мәлімдемесінде.  

Аталған компания қала қонақтары мен тұрғындарға сапарды алдын ала жоспарлауды ескертті.