Пікір • 20 Маусым, 2024

Макроэкономикалық көрсеткіш неге төмен?

229 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Созылмалы сырқат секілді бір құ­былыс бар, ол – макро­эконо­ми­калық көрсеткіштердің (ішкі жалпы өнім, халықтың табысы, тұтынуы) бір кезең­де көп бағытта қоз­ғалуы. На­рық­­­тық экономикасы орнықты елдерде бұл көрсеткіштер бір бағытта дамиды. Егер ІЖӨ өссе, бұл көрсеткіш біршама реттеледі. ІЖӨ төмендесе, онда көр­сет­кіш­тердің мәні де төмендейді.

Макроэкономикалық көрсеткіш неге төмен?

2000-2008 жылдар аралығында, іші­н­ара 2011-2014 жылдары бізде дәл осындай үдеріс байқалды. Үкімет басына Б.Сағынтаев келгеннен кейін аса маңызды макро­эко­номикалық көрсеткіштер қозғалысының үрдістері көп бағытты болып шықты: ІЖӨ өсімі халықтың нақты кірісінің өсуімен қатар жүрмеді немесе айтарлықтай артта қалды.

Ал 2023 жылдың бірінші жартысындағы ІЖӨ өсімі – 4,9%. Сол жылы қазандағы халықтың нақты ақшалай кірісінің индексі 2022 жылғы қазанмен салыстырғанда мүл­де нашарлаған (-96,8%). Экономикалық өсудің үдеуіне қарамастан, халықтың нақты ақшалай кірісінің индексі 2023 жылдың I тоқсанында (97,4%) төмендеген. Екінші тоқсанда өзгеріссіз, бұрынғы деңгейде қалған. Тек 2023 жылдың III тоқсанында халықтың ақшалай кірісі нақты мәнде 3,2%-ға өсті. Макрокөрсеткіштердің көп бағытты қозғалысын және Ә.Смайылов Үкіметінің әлеуметтік-экономикалық «қай­шы­­лығының» тереңдігін ескере отырып, «Қазақстан ІЖӨ-сі ішінара бұрмаланған ба?» деген сұрақ туындайды. Негізі ІЖӨ есептеудің сапасын бірнеше жолмен тексеруге болады.

Бірінші. Экономикалық өсу сенімділігін бағалаудың маңызды бағыты – шығыстар бойынша ІЖӨ. Оны өлшеу үшін түпкілікті өнімді немесе қызметті жасауға бағытталған шығындардың барлық түрін қорытындылау қажет: ІЖӨ=ТШ (тұтынушы шығындары) + ИШ (жеке сектордың инвестициялық шығыстары) + МШ (мемлекеттік шығыстар) + ТЭ (таза экспорт). Таза экспорт – сауда балансының тапшылығы (профицит). Оның мәні елдің сауда балансының көрсеткішімен анықталады (қызмет көрсету балансындағы тапшылықты алып тастадық). 2023 жылғы қаңтар-қазанда еліміздің сыртқы сауда айналымы 114 094,8 млн доллар болды: экспорт – 64 611,2 млн доллар (номиналды мәнде 8,9%-ға аз), импорт – 49 483,6 млн доллар (номиналды мәнде 22,8%-ға көп). Осылайша, есепті кезеңде сауда балансының профициті 15,2 млрд долларды құрады. 2022 жылдың деректеріне қарасақ, онда ІЖӨ өсімі 2023 жылмен салыстырғанда төмен болды, сауда балансының профициті екі есе жоғары – шамамен 30 млрд доллар. Бұл есепті кезеңде еліміздің таза экспортының нашарлағанын білдіреді, яғни біз ІЖӨ-нің бір бөлігін жоғалттық.

Екінші. Нақты ІЖӨ-ні өлшеудің тағы бір жанама тәсілі – экономиканы несие­леу деңгейі. Банк ісі саласындағы тиісті мемлекеттік органның мәліметіне сәйкес 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бо­йынша заңды тұлғаларға берілген несие – 9 трлн теңге. Жеке тұлғаларға берілген несие – 17,8 трлн теңге. 2020-2023 жылдағы олардың үлесі инвестициялық деңгейдің 3%-ына жетпейді.

Үшінші. Нақты ІЖӨ өсімін электр энергиясын тұтыну деңгейімен де өлшеуге болады. Энергия тұтыну мен экономикалық өсу арасында байланыс бар. 2023 жылы 6 айда 57 745,6 млн кВт/сағ электр энергия­сы тұтынылған. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңіндегі тұтыну деңгейінен 2,9%-ға (немесе 1 629,9 млн кВтсағ) артық. Яғни ІЖӨ нақты өсімі 2,9-3,0%-дан аспауы керек.

Төртінші. Барлық дамыған елде және көптеген дамушы елде экономикалық өсуді 5%-ға дейін жеделдету – мемлекеттік бюджетке ақша ағынын арттырудың кепілі және мемлекеттік бюджеттің бекітілген тапшылығын жоюға мүмкіндік береді. Қаржы министрлігінің мәліметінше, мұндай көрініс бізде мүлде байқалмайды. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, мынадай қорытынды жасаймыз:

  1. Мәселені Президент жанындағы реформалар жөніндегі Жоғарғы кеңестің отырысына шығару керек.
  2. Біз қалайда макроэкономикалық көр­сеткіштердің бір бағытта қозғалуына күш біріктіруіміз керек.
  3. Елдің бірқатар макроэкономикалық көрсеткіші нақтылауды қажет етеді. Бұл Үкіметтің экономикалық саясатының негізгі параметрлеріндегі алшақтықты аңғартады.
  4. Мемлекеттік жоспарлау жүйесін, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарын және басқа да құжаттарды қайта қараған абзал.