Айбын • 19 Маусым, 2024

Жасөспірімді ажалдан құтқарған ұландықтар марапатталды

58 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің саптық алаңында жасөспірімді ажалдан құтқарып қалған Ұлттық ұлан сарбаздары марапатталды. Іс-шараға әскери бөлім командирі генерал-майор Аян Есжанов, «Ақ жол» ҚДП Астана қаласы бойынша филиалы төрағасының орынбасары, Мәслихат депутаты Абзал Әбенов, партияның Жастар саясаты бойынша кеңесшісі Ұлан Құсайынов, Астана қаласының  Төтенше жағдайлар Департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғаныс подполковнигі Мадияр Мырзагелдинов қатысты, деп жазады Egemen.kz ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жасөспірімді ажалдан құтқарған ұландықтар марапатталды

Фото: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Елордалық құрамның жауынгерлері қала тыныштығын күзету бойынша қызметке түсу үшін салтанатты сап түзеп тұрды. Әскери бөлім командирі марапаттау үшін әскери жасақты мінбер алдына шақырды. Сарбаздар үштігі әскери жүріспен мінбердің алдына келіп, сапқа тұрды. Алғашқы болып «Ақ жол» партиясының өкілдері сарбаздарды марапаттады. Екі сарбазға мақтау қағазын ұсынса, қатардағы Әлішер Махметтің кеудесіне медаль тақты. Олардың айтуынша, Әлішердей жастар еліміздің болашағы болып табылады.

Содан кейін, Астана қаласының Төтенше жағдайлар Департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғаныс подполковнигі Мадияр Мырзагелдинов ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығын оқып, ұландық Әлішер Махметке ведомстволық медальді табыс етті.

«Ұлттық ұлан сарбазы Әлішерге оқиға орнында ерлік танытып, адам өмірін құтқарғаны үшін алғыс білдіреміз», деді министрлік офицері саптық алаңдағы жеке құрамға қарап.

Та
Сарбаздың
өзі болса, бұл оның Отан алдындағы міндеті екені, және құраманың барлық сарбаздары оның орнында болса, осылай жасайтынын айтты.

«Мен үшін бүгінгі марапаттардың орны ерекше. Ерлігімді ескергені үшін Ұлттық ұлан Бас қолбасшысына, әскери бөлім командиріне және ҚР Төтенше жағдайлар министірлігі мен партия өкілдеріне алғыс айтамын. Біздің міндетіміз - тыныштықты қорғау, елге көмектесу», деді жас сарбаз.

Қатардағы Әлішер Махмет Солтүстік Қазақстан облысының тумасы, өткен жылдың қараша айында 5573 әскери бөліміне Отан алдындағы борышын өтеу үшін келген.

Еске сала кетейік, 15 маусым күні кешкі уақытта Астана қаласында 5573 әскери бөлімінің қатардағы жауынгерлері Әлішер Махмет, Арсен Қази мен Ринат Досщанов қызмет атқару кезінде Ақбұлақ өзенінен жүзіп өтуге досымен бәсекелесіп, суға бата жаздаған №63 мектеп оқушысын құтқарған еді.

Иа

Соңғы жаңалықтар

Нағыз ғалым еді...

Тұлға • 13 Шілде, 2024

Аурухана жағдайымен танысты

Саясат • 13 Шілде, 2024

Әскерилерді әлеуметтік қолдау

Саясат • 13 Шілде, 2024

Базалық мөлшерлеме төмендетілді

Экономика • 13 Шілде, 2024

Көршінің наны

Қоғам • 13 Шілде, 2024