Президент • 19 Маусым, 2024

Мемлекет басшысы Александр Квасьневскийді қабылдады

112 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс, Орталық Еуропа және Орталық Азия елдерінің есірткіге қарсы саясаты жөніндегі комиссиясының төрағасы Александр Квасьневскийді қабылдады, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Александр Квасьневскийді қабылдады

Фото: akorda.kz

Кездесу барысында нашақорлықтың және есірткі бизнесінің белең алуына қарсы күреске қатысты ақпарат алу, үздік тәжірибелерді насихаттау бағытында Комиссиямен қарым-қатынас жасау мәселелері талқыланды.

«Сіздің миссияңыз өте маңызды. Біз мұны нашақорлыққа қарсы күрес жөніндегі ықпалдастықты дамыту үшін өте пайдалы деп санаймыз. Елімізде бұл мәселеге айрықша мән беріледі. Жуырда Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзімде есірткі өндірумен және оны халық арасында таратумен айналысатын адамдарға қатысты жазаны қатаңдату тұрғысынан заңнаманы қайта қарау  қажет екенін айттым. Сіз Шығыс, Орталық Еуропа және Орталық Азия елдерінің есірткіге қарсы саясаты жөніндегі комиссиясының жетекшісі ретінде адамзат мүддесін көздейтін маңызды миссияны атқарып келесіз. Қазақстан Комиссиямен белсенді қарым-қатынас жасауға дайын», деді Президент.

Өз кезегінде Александр Квасьневский  есірткіге қарсы саясаттың тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа бағдарламалар мен шаралар туралы айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Квасьневский  есірткіге тәуелділіктің алдын алу және есірткіні заңсыз таратуға қарсы күресу үшін бірлескен жұмысты жалғастыруға  уағдаласты.

Соңғы жаңалықтар

Нағыз ғалым еді...

Тұлға • 13 Шілде, 2024

Аурухана жағдайымен танысты

Саясат • 13 Шілде, 2024

Әскерилерді әлеуметтік қолдау

Саясат • 13 Шілде, 2024

Базалық мөлшерлеме төмендетілді

Экономика • 13 Шілде, 2024

Көршінің наны

Қоғам • 13 Шілде, 2024