Әлем • 19 Маусым, 2024

Меккеде қаза тапқандардың саны 557-ге жетті

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Меккеге қажылық сапармен барған 557 адам көз жұмды. Сауд Арабиясындағы қазіргі ауа температурасы 50 градус ыстыққа жетті, деп жазады Egemen.kz.

Меккеде қаза тапқандардың саны 557-ге жетті

Фото: ҚМДБ

Қолайсыз ауа райы салдарынан қаза тапқандардың басым бөлігі егде жастағылар. Dw.com ақпарттық порталының мәліметінше, Меккеде зардап шеккендер саны бұл көрсеткіштен де көп болуы ықтимал. 

Қажылыққа барып қаза тапқандардың ішінде 323 Мысыр азаматы болған. 

Құрбандар арасында Тунистің 35 азаматы да бар. Ал Иордания мемлекетінің Сыртқы істер министрлігі 41 қажыны Меккеде жерлеуге рұқсат етілгенін хабарлады. 

IRNA ақпарат агенттігі көз жұмғандардың арасында 11 Иран азаматы бар екенін, сондай-ақ тағы 24  азамат ауруханаға түскенін жазды. 

Аптап ыстықтан 3 Сенегал, 144 Индонезия азаматы бақилық болды.

Айта кетейік, бұған дейін Меккеде 6 Иордания азаматы қайтыс болған еді.