Аймақтар • 19 Маусым, 2024

Ақмола облысында жоғалып кеткен әйел әлі де іздестіріліп жатыр

46 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысының полицейлері із-түзсіз жоғалып кеткен 45 жастағы әйелді іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz sinegor.kz-ке сілтеме жасап.

Ақмола облысында жоғалып кеткен әйел әлі де іздестіріліп жатыр

Фото: sinegor.kz

1979 жылы туған Досанова Гүлнұр Ерназарқызы 12 маусымда сағат 13:30 шамасында үйден шығып кетіп, қайтып оралмаған. Оның жоғалғаны туралы хабарды полицияға әпкесі 17 маусым күні хабарлаған.

Бұған дейін жоғалған әйелді туыстары өздері іздеген. Ешқандай нәтиже болмаған соң полицияның көмегіне жүгінген. Гүлнұр Ерназарқызының бұған дейін де үйден бірнеше рет кетіп қалып, бірақ қайта келген кездері болған екен. 

Әйелдің белгілері: бойы – 160-165 сантиметр, дене бітімі арық, шашы иығына дейін, қара түсті, ерекше белгілері жоқ. Ол қара шалбар, ақ және көк жолақтары бар көк спорттық костюм және ақ аяқкиім киген.

Астана мен көршілес облыстардың полиция департаменттеріне бағыт-бағдар жолданды. Полиция қызметкерлері мен жоғалған әйелдің туыстары арасынан арнайы іздестіру топтары құрылды.

Полицейлер такси және маршруттық автобус жүргізушілерінен, сондай-ақ теміржол және автовокзал қызметкерлерінен жоғалған әйел туралы сұрастырып жатыр. Іздеу жұмыстары әлі де жалғасады.

Соңғы жаңалықтар

Нағыз ғалым еді...

Тұлға • 13 Шілде, 2024

Аурухана жағдайымен танысты

Саясат • 13 Шілде, 2024

Әскерилерді әлеуметтік қолдау

Саясат • 13 Шілде, 2024

Базалық мөлшерлеме төмендетілді

Экономика • 13 Шілде, 2024

Көршінің наны

Қоғам • 13 Шілде, 2024