Елорда • 18 Маусым, 2024

Астанада балабақшалар екі күн бойы жұмыс істемейді

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

3-4 шілде күндері Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді. Осыған байланысты елордадағы балабақшалар екі күн бойы жұмыс істемейді, деп жазады Egemen.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Астанада балабақшалар екі күн бойы жұмыс істемейді

фото: Астана қаласы әкімдігі

Астана қалалық білім басқармасы ақпаратты растады.

«Қазақстанның Оқу-ағарту және Ішкі істер министрліктерінің хатына байланысты елордада 3-4 шілде күндері мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істемейді», делінген білім басқармасы таратқан хабарламада.

Бұған дейін Ақорда Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитіне ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықтың көптеген өзекті мәселесі талқыланатынын мәлімдеген еді. 

Азаматтарға ыңғайлы болу мақсатында, әсіресе жолдарда кептеліс болмас үшін 2-4 шілде аралығында мемлекеттік мекемелерге және квазимемлекеттік секторларға қызметкерлерінің 70%-ына дейін қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыру ұсынылады. Сол сияқты 3-4 шілде күндері мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істемейді.

Бұл – ірі халықаралық іс-шараларды өткізу барысында күшейтілген қауіпсіздік шаралары қабылданатын және азаматтарға ыңғайлы болу үшін ішінара қашықтан жұмыс істеу тәртібі енгізілетін әлемдік тәжірибе.