Қоғам • 14 Маусым, 2024

Оралдағы саяжай тұрғындарына 71 пәтер берілді

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға тиісті көмек көрсетуді тапсырғаны мәлім. Осы орайда, Орал қаласында баспанасы жарамсыз деп танылған тағы 12 саяжай тұрғыны баспаналы болды. Жаңа пәтерлер демеушілер қаржысына сатып алынған, деп жазады Egemen.kz.

Оралдағы саяжай тұрғындарына 71 пәтер берілді

Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес, қаржылық ұйымдар мен демеушілер өңірдегі зардап шеккен тұрғындарға қол ұшын созып, көмегін беріп отыр.

Д.Керім

Комарово саяжайының тұрғыны Айнаш Сәменованың жалғыз баспанасы суға кетіп, жарамсыз деп танылған. Бүгін ол жаңа пәтеріне қоныстанды.

«2017 жылы Комарово саяжайынан үй салып, отбасымызбен тұрып жатқан едік. Тасқын кезінде үйімізді су басты. Қазір, міне, жаңа пәтердің кілтін қолымызға алдық. Қаланың орталығында жаңа үйде тұрамыз деп күткен жоқпыз. Осындай жағдай жасаған Мемлекет басшысына алғысымды білдіремін», деді ол.

Жалпы Орал қаласында бүгінге дейін саяжайдағы үйлерін су басқан 71 отбасыға баспана берілген. Аталған жұмыс әлі де жалғасады.

Соңғы жаңалықтар

Он үш қыздың ерлігі

Әдебиет • Бүгін, 07:45

Болған ана күмбезі

Мирас • Бүгін, 07:40

3D-принтермен салынатын мектеп

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:30

Жаңа браузер пайда болады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:27

Алматыда жаппай жол апаты болды

Төтенше жағдай • Кеше