АСТАНА. 17 қаңтар. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Әлем университеттері консорциумының (WUC) толыққанды мүшесі атанып, өзінің жоғары беделі мен халықаралық талаптарға сай дәрежесін тағы бір дәлелдеп шықты. Бұл туралы университеттің ресми сайты хабарлады.
Әлем университеттері консорциумы әлемнің жетекші жоғарғы оқу орындары мен ғылым және білім беру саласындағы халықаралық ұйымдарды біріктіреді. Оның міндеті адамзаттың маңызды мәселелерін шешуде университеттердің рөлін арттыру, қолжетімді және сапалы білімді жан-жақты қолдау, білім беру жүйелерін жетілдіру болып табылады. Әсіресе, студенттер әлеуетін арттыруға, олардың теориядан алған білімдерін іс жүзінде қолдануына ерекше көңіл бөлінеді. Айта кетерлігі, әр мемлекеттен тек бір ғана университет WUC мүшесі бола алады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – осындай жаһандық халықаралық білім беру қауымдастығына мүше болу мәртебесіне ие болған Орта Азиядағы алғашқы және жалғыз университет. Ол соңғы жылдары ЖОО жетекші рейтингтерінде қарқынмен алға жылжуда, халықаралық ынтымақтастықты кеңейте отырып, әлемдік деңгейдегі форумдар мен конференциялар өткізуде.
WUC мүшесі бола отырып, ҚазҰУ енді әлемнің атақты жоғарғы оқу орындарының ғана емес, Бүкіләлемдік өнер және ғылым академиясы, Халықаралық Жасыл Крест, Халықаралық университет президенттерінің ассоциациясы, Мәдени дипломатия институты, Александрия кітапханасы және басқа да беделді ұйымдардың әріптесі болып табылады. Бұл әлемде Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінің имиджі мен бәсекеге қабілеттілігін көтеруге сөзсіз ықпал етеді.
Айдар Өрісбаев.
Дерек: kaznu.kz.
Сурет: gazeta.kz.
• 17 Қаңтар, 2015
ҚазҰУ Әлем университеттері консорциумына мүше болды

Астанада жазушы-этнограф Төрехан Майбастың кітабы таныстырылды
Оқиға • Бүгін, 20:45
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Бүгін, 20:40
Президент су саласына қатысты халықаралық конвенция қабылдауды ұсынды
Президент • Бүгін, 20:28
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Бүгін, 20:16
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Бүгін, 20:03
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Бүгін, 19:55
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Бүгін, 18:40
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Ұландық үздік сарбаздар алғаш рет кіші сержант шенін алды
Әскер • Бүгін, 17:17
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59