Елорда • 13 Маусым, 2024

Астанада екі даңғылдың қиылысы жабылады

42 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қабанбай батыр даңғылы мен Ұлы Дала даңғылының қиылысында жол төсемінің төменгі қабатын төсеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Астанада екі даңғылдың қиылысы жабылады

Фото:depositphotos.com

Қала әкімдігінің хабарлауынша, жұмыстарды жүргізуге байланысты осы жылдың 13 маусымы сағат 21:00-ден 14 маусым күні сағат 23:00-ге дейін Қабанбай батыр даңғылы мен Ұлы Дала даңғылының қиылысында көлік құралдарының қозғалысы толығымен жабылады.

ы

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарында кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлау сұралады.