Әскер • 13 Маусым, 2024

Жіті тексерістің оң нәтижесі

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Бірлестік-2024» оқу-жаттығуы аясын­да әскери инфра­­құ­ры­­лым нысанда­ры тек­серілді. Іс-шара барысында Қорға­ныс министрінің тыл және әскери инфра­құры­лым жөніндегі орынбасары, генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров Ақтау өңір­лік гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелерінде болды.

Жіті тексерістің оң нәтижесі

Фото: dknews.kz

Инспекцияның басты мақ­са­ты – әскери инфра­құ­ры­лым мен тиісті бөлімшелердің «Бір­лес­тік-2024» ха­лық­­­аралық жедел-так­ти­калық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізуге, сондай-ақ Әзер­байжан, Қыр­ғыз­­­стан, Тә­жік­стан және Өзбекстан әскери кон­­­тин­гент­те­рін қабылдауға да­йын­­­дығын бағалау. Оқу-жатты­ғу­ «Оймаша» полигонында және Маң­­ғыс­тау облысының Қара­қия ­ауданындағы Тоқ­мақ мүйісінде өтеді. Онда қа­зір­­дің өзінде қажетті инфра­құ­­ры­лым мен шатырлы лагерь дайын.

Қаныш Әбубәкіров Тоқмақ мүйісіндегі «Бірлес­тік-2024» оқу-жат­тығуының негізгі эпизод­та­ры­ның бірі­ өте­тін нысанды кө­ріп, шатырлы қалашықты, бай­қау мұ­на­­расын, әскери-дип­ло­ма­тия­лық корпус пен БАҚ өкіл­де­­рін ор­наластыруға арналған орындарды жай­лас­ты­руға нұс­қау­лар берді.

Сондай-ақ ол «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскер­ле­­рі­нің ко­ман­­далық пунктін, оқу-сүңгуір орталығын, Әс­кери-теңіз базасы­ның кемелерді арқандап байлауға ар­налған пирстерін, «Жаңаөзен – Бейнеу» автокөлік жо­лының әуеайлақ учаскесін аралады. Бұған қоса генерал-лейтенант Ұлттық контингенттер штабының, ка­зар­малардың, шаруашылық жабдықтау пункттерінің, асха­налар мен тұрмыстық қызмет көрсету далалық бөл­ме­лерінің техникалық жай-күйін жіті тексерді. Электр қуа­тын беру, өрт қауіпсіздігі, медициналық және көліктік қам­та­масыз ету мәселелеріне қатысты нақты тапсырмалар берді.