Балалар • 12 Маусым, 2024

Оқушылар саяхатқа шықты

71 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Жетісуда аз қамтылған отба­сы­нан шыққан балалар өңірдегі ерек­­­­ше орындарға саяхаттауға шық­­ты. Олар табиғат аясын­да серуен­­деп, тарихи мұра­жай­ларды ара­­лады. 245 оқушы туған же­рін­­дегі рухани шаңырақтардың ше­­жі­ре­сіне қанығып, тұлғалар туралы мағ­лұмат алды. Мұндай игілік­ті жобалар жаз бойы жал­ға­­сады.

Оқушылар саяхатқа шықты

Балдырғандардың алғашқы сапарына таң бозынан сәт сапар тілеуге келген облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев пен облыстық білім басқармасының басшысы Марат Сүлейменов ақжарма тілегін арнады. «Сәлем, жаз – 2024» атты жазғы демалыс маусымының басталуымен құттықтап, естелік суретке түсті.

«Әрбір бала отбасының жылуын ғана емес, қоршаған ортаның да мейірімін толық сезіне білуі қажет. Барлық бала бақытты болуға лайықты. Қазір өңірде балалардың жазғы демалысын жақсы өткізу үшін түрлі іс-шара қолға алынып жатыр. Ата-аналар да қалыс қалмай, ұстаздармен бірлесе жұмыс істеу керек. Бала деген бақыттың бүлдіргені емес пе, олар аман болса елдің болашағы да жарқын болады», дейді М.Көлбаев.

см

Жалпы, облыста балаларға арналған 14 сауықтыру лагері жұмыс істейді. Оның ішінде 12-сі қала сыртындағы жаз­­ғы сауықтыру орталықтары болса, қал­ға­ны – мүгедектігі бар балаларға арнал­ған жазғы сауықтыру орталығы мен да­рынды балаларға арналған лагерь. Бүгін­де облыс­та 1-10 сыныптағы 121 166 оқу­шы­ның 102 630-ы жазғы демалыспен қам­тыл­ған.

«Оқушылар 4 бағыт бойынша сапар­ға­ шығады. Атап айтқанда, балалар Кер­бұлақ ауданында ағартушы ғалым Шоқан Уәли­хановтың «Алтынемел» мемориалды мұражайын, Үштөбе қаласында былтыр ашылған Қаратал өлкетану мұра­жайын, Ақсу ауданындағы Ақын Сара мұражайын тамашалап, табиғат кереметі Тамшыбұлақпен танысады. Сондай-ақ Талдықорған қаласындағы Мұха­метжан Тынышбаев атындағы тарихи-өлке­тану мұражайына, Ілияс Жан­сүгіровтің әдеби мұра­жайына экскур­сия жасайды. Мұндай танымдық экс­курсиялар жаз бойы жалғасып, оған облы­с­тың бар­лық аудан-қаласындағы оқушы­лар қаты­са­тын болады», деді М.Сүлейменов.

Мектеп жанындағы лагерь­лерде демалатын бала­лар туристік саяхатпен, еңбек­­пен, шығармашылықпен, интел­лектуал­дық шыңдаумен айналысады. Мектеп ау­ла­сына киіз үйлер құрылып, ұлттық құн­­­­ды­лықтарға негізделген іс-шара­лар ұйым­­дастырылады. Бұл ретте көгал­дан­ды­­ру және ата-аналарымен жұмысқа 46 507 бала қатысса, экскурсия 19 820 бала шы­­­­ғады. Ал үйірмелер мен аула клубына – 32 700 оқушы барса, «Жас ұлан», «Жас қы­­ран», мектеп жанындағы тілдік мектеп­тер мен дебаттық қозғалысқа 18 998 бала қа­­­ты­сады.

Айта кетейік, «Қазақстан халқына» қо­ғам­дық қоры есебінен балалар демалысына 159 млн теңге қарас­­тырылған. Бұл мүмкіндікті 1 113 бала пайдаланбақ. Одан бөлек, 242 бала Көкшетау, Қонаев, Алматы қала­­ла­рын­дағы жазғы сауықтыру орта­­лық­­та­рын­да болады. Бүгінде қала сыр­тын­­дағы лагерьлердің 7-еуі санита­р­лық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне қорытынды алуға өтінім беріп, рәсімделу үстінде.

«5 лагерь зертханалық зерттеулерінің қорытындысын алғанға тапсырыс берді. «Жалын» сауықтыру лагерінің құжаты ха­лыққа қызмет көрсету орталығына тір­кеуге берілді. «Шағала» сауықтыру лаге­рін­­де ағымдағы жөндеу жұмыстары жүр­гі­зілуде. Ашылу уақыты 17 маусымға бел­гі­­леніп отыр. Алдағы уақытта ­2 мем­лекет­тік «Тамшыбұлақ», «Қарлығаш» және 3 жеке­меншік «Бастау», «Жетісу», «Қар­лы­ғаш» лагерь­лері ашылады деп жос­пар­лап отырмыз», дейді облыстық білім бас­қар­ма­сының орынбасары Гүлмира Ахметова.

Облыста мемлекеттік сатып алу пор­та­­­лы арқылы 3 771 балаға жолдама ұтып ал­ған, оның 1 856-ы – Талдықорған қала­сы­ның­ балалары. Балалардың 2 847-і облыс ау­ма­­­ғындағы лагерьде, қалғаны Алматы об­лы­­­­сы­ның аумағында орналасқан лагерь­де де­­ма­лады.

 

Жетісу облысы