Аймақтар • 11 Маусым, 2024

Екібастұзда «Шаңырақ» этноқалашығы іске қосылды

304 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

11 маусымнан бастап бір ай бойы «Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешенінің аумағында оқушылар қазақ халқының бай мәдениеті мен салт-дәстүрлерімен танысады, деп жазады Egemen.kz.

Екібастұзда «Шаңырақ» этноқалашығы іске қосылды

«Шаңырақ» этноқалашығы №7, 16, 18, 22, 25, 33 мектептерінің алты киіз үйлерінен тұратын кешен.

Этножоба «Достық үйі» КММ, «Атамұра» ҰМО, қалалық өлкетану мұражайы, Жастар бастамаларын дамыту орталығы және «Екібастұз» ҚБҚ қолдауымен іске асырылып отыр.

Киіз үйлерден тұратын этноқалашықты ұйымдастыру қазіргі таңда өзекті. Бұл жоба оқушылардың мәдени, рухани дамуына ықпал етеді. Болашақ ұрпақ ұлтымызың  салт-дәстүрі, мәдениетімен жаз айында танысып, демалыстарын қызықты өткізеді.

лл

«Этноқалашық аясында қазақтың қолөнері, музыка, би және аспаздық бойынша шеберлік сабақтар мен білім беру сабақтары өткізіледі. Балалар интерактивті аймақтар, көрмелер мен шеберлік сабақтар арқылы қазақ халқының дәстүрлері мен қолөнерімен танысуға бірегей мүмкіндік алады, балалар дәстүрлі қазақ ойындарын ойнап, сайыстарға қатысады, таза ауада алтыбақан теуіп, ұлттық тағамдардан дәм татып, уақыттарын тиімді өткізеді», деді Екібастұз қаласы білім бөлімінің басшысы Лаура Дисюпова. 

«Жобаның негізгі мақсаты қазақ мәдениеті туралы білімді арттыру, шығармашылық дағдыларды дамыту, белсенді демалыс өткізу. Этноқалашыққа қатысу балаларға қазақ халқының дәстүрлері, қолөнері, музыкасы мен аспаздығы туралы терең білім алуға, түрлі шеберлік сабақтар арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытады», деп атап өтті «Қайнар» кешенінің басшысы Валентина Клепица. лл

Бірегей жоба қаланың білім беру мекемелерінің 4-6 сынып оқушылары арасында 600 баланы қамтиды. Жобаны іске асыруға мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, аға тәлімгерлер, «Қайнар» кешенінің қосымша білім беру педагогтері мен әдіскерлері қатысты.