Медицина • 11 Маусым, 2024

Ауруханалардың материалдық-техникалық базасы жақсартылады - Олжас Бектенов

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды, деп жазады Egemen.kz.

Ауруханалардың материалдық-техникалық базасы жақсартылады - Олжас Бектенов

Фото: Zakon.kz

Тұжырымдама аясында еліміздегі аурухана, емхана, университеттердің материалдық-техникалық базасы нығайтылады.

Соңғы 5 жылда 400-ден астам денсаулық сақтау объектісі салынды. 261 млрд теңгеден астам сомаға медициналық жабдық сатып алынды.

«Қазірдің өзінде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында ауылдық елді мекендерде жаңа объектілер салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін 556 объекті салынады. Дегенмен, әлі де көп нәрсе істелуі керек.
Ауруханалардың, емханалардың, университеттердің материалдық-техникалық базасын жақсартатын боламыз», деді Олжас Бектенов.

Бұл қадам пациенттер мен медперсонал үшін қажетті жағдай жасауға және емдеудің жаңа технологиялары мен әдістемелерін дамытуға мүмкіндік береді. 

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бәсі жоғары дода

Спорт • Кеше

Зияткерлік байқау

Байқау • Кеше

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • Кеше

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • Кеше