25 Сәуір, 2015

Непалда соңғы 80 жылдағы ең жойқын жер сілкінісі болды (фото)

528 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
25-04-2015- nepal 02АСТАНА. 25 сәуір. Бүгін таңертең Непалда Рихтер шкаласы бойынша 7,9 балдық жер сілкінісі болып, салдарынан 150-ден астам адам қаза тапты. Бұл туралы belta.by хабарлады. Қазіргі таңда апат құрбандарының саны анықталуда. Зілзаланың жойқын күшіне қарасақ, құрбандар саны әлі артуы мүмкін. Жарақат алған тұрғындар ел астанасы – Катманду қаласының ауруханаларына жеткізілуде. Жергілікті билік өкілдері көптеген адамның үйінді астында қалуы мүмкін екенін айтуда. Қазірдің өзінде апат салдарынан Катмандудағы ескі мұнара қирап, астында ондаған адамның қалып қойғаны белгілі болды. Төтенше жағдайдан Непалмен көрші жатқан Үндістанға да айтарлықтай залал келді. Аталған елде табиғат апатынан 11 адам қаза тапса, 80-нен астамы жарақат алған. Куәгерлердің айтуынша, Непалда жерасты дүмпулері әлі жалғасуда. Соңғы үш сағаттың ішінде 10-нан астам жойқын дүмпулер тіркелген. Мұндай магнитудалы жер сілкінісі Непалда соңғы 80 жылда болмаған. Зілзаладан ел астанасы мен оның айналасындағы елді мекендерде ондаған үйлер қирап қалды. Сондай-ақ, жүздеген үйге зақым келіп, тасжолдарда терең жарықтар пайда болды. Одан бөлек, ұялы байланыс пен электр желілеріне де айтарлықтай зиян келген. Еламан Қоңыр. Дерек: belta.by. Сурет: twitter.com. 25-04-2015- nepal 01 25-04-2015- nepal 03 25-04-2015- nepal 04   25-04-2015- nepal 07 25-04-2015- nepal 05 25-04-2015- nepal 06