Елорда • 10 Маусым, 2024

Құрбан айт күні елорда тұрғындары автобуста тегін қатынайды

88 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада Құрбан айт мерекесіне орай қоғамдық көлікте жүру тегін болады, деп хабарлайды Egemen.kz CTS-ке сілтеме жасап.

Құрбан айт күні елорда тұрғындары автобуста тегін қатынайды

Фото: 365info.kz

16 маусым күні Қазақстан халқы Құрбан айт мерекесін тойлайды. Әкімдіктің шешіміне байланысты елордада қоғамдық көлікте жүру тегін болады. Қоғамдық көлік сағат 6:00-де қатынай бастайды.  

«15 маусымнан 16 маусымға қараған түні №201, 202, 203 түнгі маршруттарда да жол жүру тегін болады. Avtobys мобильді қосымшасы арқылы түнгі маршруттардың қозғалысын бақылай аласыз», делінген хабарламада.