Президент • 10 Маусым, 2024

Мемлекет басшысы Португалия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

72 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Марселу Нуну Дуарте Ребелу де Соузаны және барша португал халқын осы елдің ұлттық мерекесі – Португалия күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Португалия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Фото: Ақорда

– Ғасырлар бойы қалыптасқан терең тарих пен бай мәдени мұраға сүйене отырып, бүгінде Португалия өзінің орнықты даму, халқының әл-ауқатын жақсарту және халықаралық аренадағы беделін арттыру жолында елеулі жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Осы тұста Отаныңыз әрі қарай қарыштап өркендеуіне, мерейінің әрқашан үстем болуына тілектеспін. Астана мен Лиссабон арасындағы достық қарым-қатынастар алдағы уақытта елдеріміздің игілігі үшін ұдайы дами беретініне сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Марселу Нуну Дуарте Ребелу де Соузаға зор денсаулық, оның аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал достас португал халқына құт-береке тіледі.