25 Сәуір, 2015

М.Әуезов атындағы драма театрының директоры ауысты

456 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

25-04-15-teatr-1

АЛМАТЫ. 25 сәуір. Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының директоры ауысты. Бүгін таңертең Астанадан Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Ғалым Ахмедьяров келіп, театр директоры Еркін Жуасбекті қызметінен босатып, оның орнына актер Ерлан Біләлді отырғызды. Бұл туралы «Дала мен қала» хабарлады. Сайлауға бір күн қалғанда мұндай шешім қабылдауға не түрткі болғаны белгісіз. Кеше ғана туған күнін тойлап, елудің еңсесіне шыққан Еркін Жуасбектің қандай қызметке баратыны да белгісіз. Театрдың жаңа басшысы болып келіп жатқан Ерлан Әбділдаұлы Біләл - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар одағы сыйлығы лауреаты Е.Біләл 1971 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Текес ауылында туған. 1993 жылы Қазақ Мемлекеттік Т.Жүргенов атындағы Театр-кино институтын (қазіргі Өнер академиясы) театр-кино актері мамандығы бойынша бітірген. Осы жылы М.Әуезов театрының актерлік тобына қабылданды. 2011 жылдың 12 қыркүйегінен бастап театр директорының орынбасары болып келді. Талғат Сүйінбай. Дерек, сурет: Дала мен қала.