25 Сәуір, 2015

Роднина мен Третьяк Қазақстанға сайлауға бақылаушы болып келеді

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

25-04-15-tretyak_rodnina-1

АСТАНА. 25 сәуір. Қазақстан президенті сайлауына бақылаушы ретінде әйгілі мәнерлеп сырғанаушы Ирина Роднина мен атақты хоккейші Владислав Третьяк қатысады. Бұл туралы Today.kz хабарлады. Агенттіктің мәліметінше, «Муз-ТВ» бас директоры Арман Дәулетияров Қазақстан президенті сайлауына бақылаушы болып қатысу үшін Астанаға Ресейдің екі атақты спортшысы келгелі жатқанын айтқан. «Ресейде тұратындығыма қарамастан, мен жаныммен қазақпын. Менің тарихи отаным осында. Бұдан бір ай бұрын мен Қазақстанға президент сайлауына бақылаушы болу үшін шақырылдым. Бұл мен үшін өте жағымды жаңалық болды», - деді ол. Өзінің сөзінде Арман сайлауда Ресей боксшысы Николай Валуевтің де бақылаушы болатынын жеткізді. «Маған анық бір нәрсе, Николай – керемет боксшы. Бұған қоса, ол саясатты да жақсы талдай біледі, егер қателеспесем, РФ Мемлекеттік думасында қызмет те атқарады», - деді «Муз-ТВ» бас директоры. Сайлауға келетін басқа да танымал спортшылар туралы айтқанда, Арман Дәулетияров ондайлардың өте көп екенін тілге тиек етті. «Мен сол тізімді көрдім. Олардың деңгейлері өте жоғары екенін де айта аламын. Соның ішінде менің білгенім, бұл тізімде танымал мәнерлеп сырғанаушы Ирина Роднина мен аса көрнекті хоккейші Владислав Третьяк бар», - деп түйіндеді ол. Дамир Қожамқұл. Дерек, сурет: Today.kz.