Аймақтар • 07 Маусым, 2024

Шымкентте екі автокөлік өртеніп кетті

73 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласында автокөлік бөлшектерін сататын орталықтан өрт шықты, деп жазады Egemen.kz.

Шымкентте екі автокөлік өртеніп кетті

Фото: ТЖМ

Сауда орнындағы автотұрақта тұрған екі көлік отқа оранды.

Өрт сөндірушілердің көмегімен қызыл жалын 17 минуттың ішінде ауыздықталды.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті зардап шеккендердің жоқ екенін мәлімдеді.

Ал өрттің шығу себебі анықталып жатыр.