Кеше «Керуен» ойын-сауық орталығында өткен «Кек алушылар: Альтрон дәуірі» фильмінің тұсаукесері көпшілікті елең еткізді. Сонда жиылған дүйім жұрттың тамашалағаны – қызыл кілемге әсемденіп, сәні мен салтанатын көрсетуге шыққан кино актерлері емес, үлкен экраннан солардың қазақша сөйлеуі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл – 2011 жылдан бері қазақ тіліне аударылған 11-ші фильм. «Болашақ» қауымдастығы бұған дейін «Көліктер – 2», «Қара киімділер», «Батыл жүрек», «Жаңа өрмекші адам», «Галактика сақшылары» сияқты әлемдік озық фильмдерді дубляждады. «Кек алушылар: Альтрон дәуірі» фильмі де осы бастаманың жалғасы. Бюджетіне 250 млн. доллар жұмсалған киноөнім жүктелген міндетті межеден асыра орындады.
«Біз үшін бұл күн маңызды. Себебі, әлемдік деңгейдегі осы фильм қазақ тілінде жарық көрді. Кинодағы 5 кейіпкер бүгінгі тілмен айтқанда – қаһармандар, әрқайсысы елі үшін жан беруге бар. Соңына дейін күресе біледі. Біздің өскелең ұрпақ үшін бұл фильмнің тәрбиелік мәні өте зор деп білеміз» деді жобаның идеялық авторы әрі бастамашысы – Бауыржан Байбек.
«Кек алушылардың» екінші бөлімінің режиссері – «Сатурн» америкалық сыйлығының иегері және «Оскар» сыйлығының номинанты Джосс Уидон. Басты рөлдерді жаһандық Marvel жұлдыздары – «Алтын Глобус» және «Сатурн» сыйлығының иегері кіші Роберт Дауни, Скарлетт Йохансон, Крис Хемсворт, Крис Эванс, Оскар сыйлығының номинанттары – Марк Руффало, Джереми Реннер және Сэмюэль Л.Джексон ойнаған. Қазақ тіліндегі дубляж режиссері Тимур Балымбетов. «Батыл жүрек» мультфильміндегі кейіпкердің әнін салған белгілі әнші Мақпал Исабекова осы фильмде кейіпкер Скарлетт Йохансонның дауысын дыбыстаса, Жасұлан Байсалбеков Альтронның, Бейбіт Қамаранов Тордың, Ержан Жарылқасынов Темір адамның, Ерғали Төлебаев Капитан Американың, Бақытжан Жармұхамбетов Қыран көздің, Самат Қордабаев Халкті ана тілімізде сөйлетті. Шетелдің сыншыл дыбыс мамандарының сынынан сүрінбей өткендер ғана осындай жауапты міндетті арқалапты. «Іріктеу оңай болмады, өйткені, бұл фильмді жастар жағы көбірек көретін болған соң, дауысты қимылына сай қызықты етіп құбылтып отыру керек деді. Ең қиыны, Халкке ине салынып, оның құбыжыққа айналатын тұсында дауысын салуға көп жаттықтым. Бұрын біз әлемдік фильмдерді қашан қазақшалайды екенбіз, біздің өзгеден неміз кем деп ойлаушы едік. Қазір сол күнге жеттік, мен өте қуаныштымын» дейді ер жүрек Халктің атынан сөйлеген Самат Қордабаев. Елімізде дубляждың режиссері, режиссердің көмекшісі, дыбыс режиссерлері, тамаша аудармашылар мен осы саланың білікті мамандарының үлкен мектебі бар деп ауыз толтырып айта аламыз. Алысқа бармай-ақ, «Кек алушыларды» дыбыстаған актерлердің дикциясы, тілі таза. Дауыс тембрі құлаққа жағымды естіледі. Қазақтың дубляж мектебінің қаншалықты деңгейде екендігін «Кек алушылар» фильмі тағы бір рет дәлелдеді. Осы істің басы-қасында жүріп, мұрындық бола білген «Болашақ» қауымдастығы, «Нұр Отан» партиясы, «Kassa Nova Банк» АҚ және «Меломан» компаниясы Marvel студиясының қосқан үлесі ерекше. Сәтті бастаманың алғашқы шымылдығын ашқан – «Көліктер-2» мультфильміне Елбасы жоғары бағасын берген болатын.
Фильмнің алдын ала көрсетіліміне балалар үйінің тәрбиеленушілері шақырылды. Олар өздері секілді тағдырлас балалардың өнеріне сүйсінді. Өйткені, фильмнің дубляжына жобаның тұрақты қатысушыларына айналған, Бағанашылдағы № 1 Балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысып, дыбыстауға атсалысқан. Шетел кинотеатрларында ағылшын тіліндегі фильмдердің субтитрі ретінде сол елдегі басым ұлттың тілі қосымша беріледі. Біздің елде өзге елдің фильмдері түпнұсқа тілде үлкен экраннан көрсетілмейді. Десек те, сырттан келген, қазақ тілін үйренемін деген қонақ үшін шетел киноларын қазақшалау мәртебемізді асыра түсері анық. Десек те, сапалы отандық фильмдердің үздік қатарын көбейте түссек, батыр да, дана да, қайраткер де өзімізде жетерлік.
Құндыз ЕРАЛЫ.

«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: Елордада халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 15:03
Елімізде 32 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 14:52
Ірі энергетикалық нысандардан тарайтын зиянды шығарындылар 35 пайызға азаяды
Президент • Бүгін, 14:37
Қазақстанда жаңа БИ-95 автокөлік отыны өндіріле бастады
Қазақстан • Бүгін, 14:27
Мемлекет басшысы: Каспий маңында қарулы күштердің қолданылуына жол беруге болмайды
Президент • Бүгін, 14:15
Астанада Халықаралық су ұйымын құру бойынша консультациялардың бірінші кезеңі өтеді
Президент • Бүгін, 13:55
Театр, кино және диалог: Астанада Ресейдің мәдениет күндері өтеді
Қазақстан • Бүгін, 13:49
Тоқаев: Арал теңізі салғырттықтың салдары қандай қасіретке әкеліп соғатынын еске салады
Президент • Бүгін, 13:46
Мемлекет басшысы: Жасанды интеллект көмегінсіз экологиялық мәселелерді оңтайлы шешу мүмкін емес
Президент • Бүгін, 13:34
Қалауыңа қарай тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес: Мемлекет басшысы БҰҰ Жарғысы туралы
Президент • Бүгін, 13:30
Президент экологиялық күн тәрбін әзірлеу барысында дамушы елдердің қажеттіліктерін ескеруге шақырды
Президент • Бүгін, 13:18
Мемлекет басшысы Өңірлік экологиялық саммиттің пленарлық отырысында сөз сөйледі
Президент • Бүгін, 13:10
Мектептегі оқушы қыздар төбелесі: Ата-аналар директордың жұмыстан кетуін талап етті
Оқиға • Бүгін, 12:45
Депутат салық режимі бойынша ел аумағында бірыңғай мөлшерлеме енгізуді ұсынды
Парламент • Бүгін, 12:44
Жаңа заң жобасы: Ауыл бюджеттерін ұлғайтуға жаңа салықтық тетіктер ұсынылды
Парламент • Бүгін, 12:35