Қоғам • 06 Маусым, 2024

Қаржы пирамидасын құрған зейнеткер үш жылға сотталды

36 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атыраулық зейнеткер әйел қаржы пирамидасын құрып, 5 жәбірленушіге 4 млн теңге шығын келтірген, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Қаржы пирамидасын құрған зейнеткер үш жылға сотталды

Фото: steppenews.kz

Атырау қаласының №2 сотында адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен қаржылық пирамиданы құрып және оған басшылық еткені үшін айыпталған (ҚК-тің 217-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы) азаматшаға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушының қылмыстық әрекетінен 5 жәбірленушіге 4 млн теңгеден астам шығын келтірілген. Сотталушы кінәсін толық мойындап, жәбірленушілермен татуласуына байланысты өзін қылмыстық жауаптылықтан босатуды сұрады. Жәбірленушілер сотталушыны қылмыстық жауаптылықтан босатып, қылмыстық істі тоқтатуды ұсынды.

«Сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен кінәлі деп танылды. Оған белгілі бір қызметпен айналысу құқығын 3 жыл мерзімге, бас бостандығын 3 жыл мерзімге шектеу түріндегі жаза тағайындалды», деп мәлім етті соттың баспасөз қызметінен.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.