Сенат • 05 Маусым, 2024

Сенатта астық саласын дамыту мәселелері талқыланды

47 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары еліміздегі астық саласын дамыту мәселелері бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Сауда және интеграция министрлігінің басшылығымен жұмыс кездесуін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенатта астық саласын дамыту мәселелері талқыланды

Фото: Сенат

Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Азат Сұлтанов көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу жөніндегі шаралар ерекше бақылауда екені туралы депутаттарға айтып берді. Облыс әкімдіктерінің деректері бойынша биылғы жылғы жалпы егіс алқабы 23,8 млн гектарды құрайды. Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, бидайдың егіс алқабы өткен жылмен салыстырғанда 426 мың гектарға қысқарып, 13,3 млн гектарды құрады. Сонымен қатар майлы дақылдар алқабын 373 мың гектарға және жемшөп дақылдарын 66 мың гектарға ұлғайту жоспарланып отыр.

Сауда және интеграция министрінің орынбасары Қайрат Балықбаев өз кезегінде парламентшілерге агроөнеркәсіп кешені өнімінің тауар айналымы саласындағы 2023 жылғы жағдай туралы баяндады. Оның айтуынша, 2023 жылы Қазақстанға АӨК өнімінің импорты 0,9%-ға төмендеп, 5,9 млрд АҚШ долларын құрады. Экспорт 4,3%-ға төмендеп, 5,4 млрд болды.

Қатысушылар шара барысында осы сектордағы жағдайды жақсарту бойынша пікір алмасты және алдағы іс-қимылдар үшін басым бағыттарды белгіледі. Атап айтқанда, өндірістің тиімділігін арттыру және ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын ынталандыру шаралары айқындалды.

Соңғы жаңалықтар