Аймақтар • 05 Маусым, 2024

Ұландықтар ерлікпен қаза тапқан батырларға тағзым етті

71 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ерлікпен қаза тапқан әскери қызметшілерді еске алу үшін Ұлттық ұлан жауынгерлері, қонақтар мен әскери қызметшілер бөлім аумағында орнатылған мемориалға гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Egemen.kz «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұландықтар ерлікпен қаза тапқан батырларға тағзым етті

Фото: «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Осыдан  тура сегіз жыл бұрын орын алған қанды оқиға әлі күнге дейін есімізде. 2016 жылы 5 маусымда Ұлттық ұлан әскери қызметшілері жанын беріп, қауіптің алдын алып қылмыскерлердің ойы жүзеге аспады. Осынау қарулы қарсыласпен қақтығыс кезінде Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Ақтөбе қаласында орналасқан 6655 әскери бөлімінің үш әскери қызметшісі майор Даниель Майлыбаев, кіші сержант Берікжан Қалиев, қатардағы жауынгер Досбол Сапар әскери қалашыққа шабуыл жасаған кезде батылдық пен жанқиярлық танытып, оқиға орнында ерлікпен қаза тапқан болатын. Бүгінде араға сегіз жыл салып қаза тапқан әскери қызметшілерді еске алу үшін Ұлттық ұлан жауынгерлері, қонақтар мен әскери қызметшілер бөлім аумағында орнатылған мемориалға гүл шоқтарын қойды, сондай-ақ қаза тапқан ұландықтарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

в

Ал, әскери міндетін орындауда көрсеткен ерен ерлігі мен қайтпас қайсарлықтары үшін майор Даниэль Майлыбаев ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен (қайтыс болғаннан кейін), кіші сержант Берікжан Қалиев (қайтыс болғаннан кейін), қатардағы Досбол Сапар (қайтыс болғаннан кейін), қатардағы Бақтияр Қайырбеков ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталса, қатардағылар Сырым Сүндетов пен Денис Чернышов «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен наградталған болатын.