Білім • 05 Маусым, 2024

Америкалық Penn State университетінің делегациясы Қазақстанға келді

109 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Сәтбаев Университеті мен Penn State (Пенсильвания мемлекеттік университеті) өзара келісіп, Қазақстан студенттерінің Пенсильвания мемлекеттік университетінде білім алу шарттарын талқылаудың соңғы кезеңіне өтті. Осы мақсатта Penn State университетінің халықаралық қызметінің академиялық бағытына жауапты Сабина Клэр бастаған үлкен делегация Қазақстанға келді. Бұл университет әлемнің үздік 100 университетінің қатарына кіреді. Бірінші кезеңде тараптар «3+1+1» бағдарламасы бойынша ынтымақтастық туралы келісім жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Америкалық Penn State университетінің делегациясы Қазақстанға келді

Келісімге Сабин Клэр мен Сәтбаев Университетінің халықаралық ынтымақтастық және стратегиялық даму жөніндегі бірінші проректоры Самғат Ермекбаев қол қойды. Осы келісімге сәйкес, Сәтбаев Университетінің студенттері үшінші курсты аяқтаған соң, Пенсильвания штатының университетінде оқуларын жалғастырады, сөйтіп бес жыл оқу ішінде Penn State штатының бакалавр және магистр дәрежесін алып шығады. Бұл ретте мына мамандықтар бойынша мамандандырылған оқыту бағдарламаларына ерекше назар аударылады: киберқауіпсіздік, мұнай инженериясы, материалтану және геология.

«Penn State өз тарихында алғаш рет әріптестеріне мұндай өкілді делегацияны жіберіп отырғанын атап өткім келеді. Біз бірге іске қосқалы отырған білім беру бағдарламасы Сәтбаев Университеті үшін арнайы әзірленген және өз түрінде өте ерекше болып саналады. Дегенмен, біз мұнымен тоқтап қалмаймыз, біз ғылыми ынтымақтастықты, академиялық ұтқырлық бағдарламаларын әрі қарай дамытамыз, сонымен қатар «3+1+1» форматы бойынша білім беру бағдарламаларының тізімін ұлғайту мүмкіндігін қарастырамыз. Сондай-ақ биылғы жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша 12 ғалымымызды, «3+1+1» бағдарламасы бойынша 18 студентті ғылыми тағылымдамадан өтуге жіберуді жоспарлап отырмыз, бұл университетіміздің студенттері мен ғылыми қызметкерлеріне жаңа белестерді бағындыруға жол ашады», деді Самғат Ермекбаев.

Сәтбаев Университеті – Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті халықаралық серіктестер шеңберін кеңейту үшін, ағылшын тілінде білім беру бағдарламаларын енгізуде, сонымен қатар QS рейтингінде үздік 100-ге кіретін тағы үш университетпен академиялық білім алмасуға және қос дипломдық бағдарламаларды құруға қатысады. Олар: Sungkyunkwan University (Оңтүстік Корея), City University of Hong Kong (Гонконг, Қытай) және Hof University of Applied Sciences (Германия). Осы мақсатта шетелдік профессорлар шақырып, басқа елдерден қабылданған студенттер санын ұлғайтуда. Сәтбаев Университетіне биыл түсетін барлық студенттер осы қос дипломдық бағдарламаларға қатысуға өтініш бере алады. Кездесу барысында талқыланған басты тақырыптардың бірі – Penn State филиалын ашу мәселесі болды, бұл Сәтбаев Университеті басшылығының алға қойған басты мақсаты.

ы

«Әлемдегі төрт үздік университетпен бірге құрылған біздегідей бағдарлама Қазақстанның басқа ешбір университетінде жоқ», деп атап өтті Сәтбаев Университетінің халықаралық ынтымақтастық және стратегиялық даму жөніндегі бірінші проректоры Самғат Ермекбаев.

Сапар барысында Penn State университетінің өкілдері «Болашақ» бағдарламасы бойынша шәкіртақы алған зерттеушілермен, сондай-ақ академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға үміткер студенттермен кездесті.

«Қазақстан өте тамаша ел, ал Сәтбаев Университеті біз үшін стратегиялық маңызды серіктес. Біз 3+1+1 формуласы бойынша академиялық салада ғана емес, ғылыми-зерттеу саласында да ынтымақтастыққа дайынбыз. Біз сондай-ақ академиялық ұтқырлық аясында студенттермен алмасуға мүдделіміз», деп атап өтті PennState Global провост орынбасарының міндетін атқарушы.

ы

Пенсильвания мемлекеттік университеті – QS әлемдік рейтингінде 83-орында тұрған АҚШ-тың мемлекеттік зерттеу университеті. Университет Айви Лигасының университеттерімен салыстыруға болатын жоғары сапалы білім береді. Университеттің эндаумент қорының көлемі 4,55 миллиард АҚШ долларын құрайды.