Қоғам • 05 Маусым, 2024

Энергетикалық сусындарды 21-ге толмағандар сатып ала алмайды

124 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Енді энергетикалық сусындарды 21-ден асқандар ғана сатып ала алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Энергетикалық сусындарды 21-ге толмағандар сатып ала алмайды

Фото: medvesti.com, www.1tv.ru

Тиісті түзетулерді бүгін Мәжіліс депутаттары қабылдады.  

Мәжілістің хабарламасында: «Оларды 21 жасқа толмаған адамдарға сатуға (соның ішінде сатушының қатысуынсыз – автоматтар, басқа электрондық немесе механикалық құрылғылар арқылы) тыйым салынады», делінген.