Заң • 05 Маусым, 2024

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер мен әскерилерге құмар ойнауға тыйым салынады

57 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі мәселелері бойынша заңды Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін ілеспе түзетулерімен екінші оқылымда қабылдады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер мен әскерилерге құмар ойнауға тыйым салынады

Фото: qazaqstan.tv

Түзетуге сәйкес енді елдегі мемлекеттік қызметкерлер мен әскерилерге құмар ойындарға қатысуға және бәс тігуге тыйым салынады.

Мәжілістің мәліметінше, аталған тұлғалардың қатарына 21 жасқа толмаған азаматтар, ойын және бәс тігуге қатысуы шектелген, оның ішінде өзін-өзі шектеген (6 айдан 10 жылға дейін), сондай-ақ борышкерлердің бірыңғай тізілімінде қарызы бар азаматтар да бар.

Олар тыйымды бұзған жағдайда жұмыстан босатылады.

«Заңды тұлғалардың құмар ойындарға қатысуына алғашқы үш санатқа рұқсат бергені үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленген. Бұл жағдайда орта кәсіпкерлік субъектілеріне 300 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 1000 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Қайталап жасалған құқық бұзушылық үшін – лицензияның қолданылуын тоқтата тұру жазасы қарастырылған», делінген Мәжілістің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.