Елорда • 04 Маусым, 2024

Астанада түнде қатынайтын қоғамдық автобустар іске қосылады

66 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада жолаушылар тасымалымен айналысатын «City Transportation systems» ЖШС жаздың басталуына орай қалада автобустар түнгі уақытта да қатынайтынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Астанада түнде қатынайтын қоғамдық автобустар іске қосылады

Фото: CTS

Жаз мезгілінде елордада қатынау оңай әрі қолжетімді болу үшін компания түнгі автобус бағдарларын іске қосады. 

Осы мақсатта № 201, 202, 203 автобустар сағат 00:00-ден 06:00-ге дейін жолаушыларға қызмет көрсетеді.

Түнгі бағдарлар қаланың негізгі аудандарын қамтып, негізгі көлік хабтарын байланыстырады.

Бағдарлардың қозғалыс сызбасы, жүру кестесі туралы толық ақпарат таяу уақытта жарияланады.